Израиль-Палестина қақтығысында кемі 12 журналист қаза тапты

417

БАҚ қызметкерлерінің басым көпшілігі газа секторында қаза болған.

Израиль-Палестина қақтығысында кемі 12 журналист қаза тапты Фото: aa.com.tr

Израиль-Палестина қақтығысында кемі 12 журналист қаза тауып, тағы он шақтысы жарақат алған. Бұл туралы Нью-Йорктегі халықаралық Журналистерді қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Аталған ұйымның мәліметінше, қаза тапқан 12 журналистің 10-ы палестиналық, ал біреуі италияндық. БАҚ қызметкерлерінің басым көпшілігі газа секторында қаза болған. 13 қазанда Израиль Ливанның оңтүстігін атқылау кезінде Бейрутте тұратын бір журналист қаза тауып, тағы алтауы  жараланған.
Сондай-ақ тағы екі журналист – израилдік пен палестиналық із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Қаза тапқан тілшілер израилдік, палестиналық және шетелдік БАҚ-та қызмет еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу