Израиль Палестина мемлекетін мойындаудан бас тартты

1258

Израиль Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл шешімді министрлер кабинетінде дауысқа салды және оны бәрі бірауыздан қолдады.

Израиль Палестина мемлекетін мойындаудан бас тартты Фото: Anadolu Agency

Израиль билігі Палестинаның мемлекеттігін “біржақты мойындаудан” ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Нетаньяху отырыс басталар алдында бүгін осы мәселе бойынша үкіметтің декларативті шешімін шығаратынын айтты. 

"Израиль палестиналықтармен тұрақты келісімге келуге қатысты халықаралық диктанттан үзілді-кесілді бас тартады. Мұндай келісімге алдын-ала шарт қоймай, тараптар арасындағы тікелей келіссөз арқылы ғана қол жеткізіледі. Израиль Палестина мемлекетін біржақты мойындауға алда да қарсы бола береді. 7 қазандағы қырғыннан кейін мұндай мойындау терроризмді қолдау саналады және болашақта кез келген бейбіт келісімге кедергі келтіреді", - делінген министрлер кабинеті мақұлдаған мәлімдемеде. 

Сонымен қатар, Reuters дипломаттарға сілтеме жасай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбіде Газадағы атысты тоқтату туралы қарарға дауыс беруі мүмкін деп хабарлады. Қарарды ұсынған Алжир ұйымның 15 мүшесін Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста атысты тоқтатуды талап етуге шақырды.

Америка Құрама Штаттары вето құқығын пайдаланатынын білдірді.

Алжир екі аптадан астам уақыт бұрын қарардың бастапқы жобасын ұсынған. Бірақ АҚШ-тың БҰҰ-дағы Елшісі Линда Томас-Гринфилд бұл мәтін соғысқа үзіліс қою келіссөзіне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Дипломаттардың айтуынша, сенбіде Алжир жобаны сейсенбі күні дауысқа салуды өтінді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қабылдау үшін Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресейден кемінде тоғыз "иә" деген дауыс жиналып, вето болмауы қажет.

"Америка Құрама Штаттары қарардың осы жобасы бойынша шешім қабылдауды қолдамайды. Егер ол дәл осы күйінде дауыс беруге шығарылса, қабылданбайды", - деді Томас-Гринфилд сенбіде жарияланған мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу