Амир Абдоллахиан Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл Танимен кездесуде Израиль армиясының Палестинаның қарсылығына төтеп беруге қауқарсыз екенін мәлімдеді, деп жазды ТАСС.
Сонымен қатар ол соғысты тоқтату үшін соңғы саяси мүмкіндіктерді қолдануға шақырды. Оның ойынша, егер жағдай бақылаудан шығып кетсе оның салдарынан ешбір ел сақтандырылмаған.
Катар әмірі өз кезегінде әлемнің әр елінде, соның ішінде АҚШ-та Израильге қарсы шерулердің өтуі Израильдің қылмыстарына жиіркенішпен қарайтынын білдіреді деп атап өтті. Сонымен қатар ол Катар бұл соғысты тоқтату үшін күш сала беретінін атап өткен.