Израиль палестиналықтарға көмек көрсететін БҰҰ-ның бас агенттігінің жұмысына тосқауыл қоятын заң қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігіне немесе UNRWA-ға Израильде "әрекет етуге" немесе қандай да бір қызмет көрсетуге тыйым салынады. Израиль билігіне UNRWA-мен кез келген байланысқа үзілді-кесілді қарсы.
Израиль UNRWA-ның жүздеген қызметкерінің ХАМАС содырларымен байланысы бар екенін, ұйымның әскери техникасының агенттік нысандарының маңынан немесе астынан табылғанын және ұйымның қамқорлығындағы оқу орындары Израильге қарсы өшпенділік тудырып, террорды дәріптейді деп мәлімдеді.
Еуропалық дипломатияның басшысы Джозеп Боррелл бұл заң "де-факто UNRWA-ның Газадағы өмірлік маңызды операцияларынна және Иордан өзенінің батыс жағалауында қызмет көрсетуге айтарлықтай кедергі келтіреді" деді.