Израиль Палестинамен арадағы келіссөздің жанданғанын мәлімдеді

935

Соңғы мәрте Нетаньяху 2017 жылы Аббаспен Иерусалимдегі қақтығыстар туралы сөйлескен еді.

Израиль Палестинамен арадағы келіссөздің жанданғанын мәлімдеді

Израильдің жаңа үкіметі Палестинамен арадағы келіссөздерді қайта бастамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Axios басылымына сілтеме жасап. 

Бұрынғы премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың 12 жылға созылған билігі кезінде тараптар арасында диалог болмаған еді. Соңғы айда Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас Израильдің үш ірі саясаткерімен, нақтырақ айтқанда, президентпен және екі министрмен телефон арқылы сөйлесті. Соңғы мәрте Нетаньяху 2017 жылы Аббаспен Иерусалимдегі қақтығыстар туралы сөйлескен еді.

Палестина мен Израиль басшылығы денсаулық сақтау және қауіпсіздік мәселелері талқылады. Сондай-ақ Израиль палестиналықтарға өз аумағында жұмыс істеуге рұқсат берді.

Еске сала кетсек, Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстың өршуі Шығыс Иерусалимдегі келіспеушіліктерден басталған еді. 10 мамырда Газа секторында орналасқан палестиналық ХАМАС тобы Израильге жаппай оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Израиль әскері Газа секторына әуе шабуылдарын жасаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу