Израиль Pfizer вакцинасының тиімділігіне күмән келтіріп отыр

1346

Вакцинаның алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де 12,4 мыңнан астам израильдік коронавирус жұқтырған.

Израиль Pfizer вакцинасының тиімділігіне күмән келтіріп отыр

Израиль Pfizer компаниясы жасап шығарған вакцинаның тиімділігіне күмән келтіріп отыр. Коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаның өкілі әрі профессор Начман Аш осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, вакцинаның алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де 12,4 мыңнан астам израильдік коронавирус жұқтырған. Оның 69-ы екпенің екінші дозасын қабылдаған соң ауруға шалдыққан.

Профессор бұл препарат вирустың жаңа штамдарынан қорғамауы мүмкін дегенді айтып отыр. Осы күнге дейін екі миллионнан астам израильдік вакцинаның бірінші дозасын, 400 мың адам екінші дозасын қабылдаған. 

18 қарашада америкалық Pfizer компаниясы өзі жасаған вакцинаның тиімділігі 95% деп хабарлаған еді. Сынаққа қатысқан 43 мыңнан астам еріктінің 170-інің вирусты жұқтырғаны жарияланған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу