Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Израиль полициясының бас инспекторы Коби Шабтай мен Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир "Израильдің барлық қалаларында полицияның қамқорлығымен жедел әрекет ету бөлімшелерін құру туралы шешім қабылдады".
"347 жаңа бөлімше мылтық пен қорғаныс құралдарын алатын 13,2 мың еріктілерден жасақталады", — делінген екі ведомство басшыларының бірлескен мәлімдемесінде.
Бұған дейін Израиль полициясы "шекаралас қалалар мен елді мекендерде құрылған 566 жаңа азаматтық жедел әрекет ету бөлімшелері" үшін 6 мың мылтық сатып алғаны туралы хабарлаған болатын.