Израиль полициясымен арадағы қақтығыста 294 палестиналық зардап шекті

879

84 адамға резеңке оқ тиген. 

Израиль полициясымен арадағы қақтығыста 294 палестиналық зардап шекті

Иордан өзенінің батыс жағалауында Израильдің шекара полициясымен арадағы болған қақтығыс кезінде кем дегенде 294 палестиналық зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz  палестиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.  

"Бүгін Наблус провинциясындағы Бейта және Осарин елдімекендерінде жарақан алғандардың жалпы саны 294-ке жетті", – деп жазылған мәлімдемеде. 84 адамға резеңке оқ тиген, 189 араб көзді жасаурататын газдан зардап шекті, ал 18-ін күйік шалған.

Палестиналық порталдың мәліметінше, Израильдің қауіпсіздік күштері Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының медициналық бригадаларының жұмысына кедергі келтіріп, оларға резеңке оқ атқан, нәтижесінде бірнеше дәрігер жарақат алды.
Мамыр айының соңынан бастап Наблус провинциясының оңтүстік аймақтарының тұрғындары әр жұмада Сабих тауының шыңына қарай шеру өткізеді. Ол жерде еврей мемлекетінің билігі қоныс аудару жұмыстарымен айналысуда. Израиль полициясы палестиналықтардың шерулерін болдырмау үшін оларға қарсы күш қолданып жатыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу