Израиль премьер-министрі Байденнен көмек сұрады

215

The New York Times дереккөздеріне сенсек, Халықаралық қылмыстық сот Газа секторындағы әскери операцияға байланысты Израиль шенеуніктерін тұтқындауға ордер беруге дайындалып жатқан көрінеді.  

Израиль премьер-министрі Байденнен көмек сұрады Фото: РБК

Нәтижесінде Биньямин Нетаньяху АҚШ президентінен көмек сұрап, ХҚС-тың мұндай әрекетіне тосқауыл болуды өтінді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденге Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Израильдің жоғары лауазымды тұлғаларын тұтқындауға ордер беруіне жол бермеу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Axios.

Нетаньяху Байденнен 28 сәуірде телефон арқылы сөйлескен кезде көмек сұрады, деп түсіндірді Axios шенеуніктер арасындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып.

Кейінірек басылым АҚШ Конгресінің мүшелері ХҚС ордер берген жағдайда оған қарсы әрекетке баратындарын хабарлады. Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы, республикашыл Майкл Маккол Axios-қа конгрессте АҚШ пен оның одақтастарына қатысты тергеуге қатысқан ХҚС шенеуніктеріне қарсы санкциялар туралы заң жобасы дайындалып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу