Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Израиль Премьер-министрі Нафтали Беннеттке ү.ж. қазан айында Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Саммитіне қатысуға ресми шақыруын табыс етті.
С. Бұршақов Израиль дипломатына Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауында жариялаған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы айтып берді.
Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.
А. Бар-Илан Елшіге Израильдің Қазақстан төрағалығымен АӨСШК қызметіне белсенді түрде қатысуын жалғастыратынына сендірді.