Израиль премьер-министрі Палестина мемлекетін құру идеясын жоққа шығарды

Беньямин Нетаньяху елдің Газа секторында ХАМАС қозғалысы жойылып, кепілге алынғандар қайтарылғанша соғысатынын тағы да мәлім етті. 

Израиль премьер-министрі Палестина мемлекетін құру идеясын жоққа шығарды Фото: Israel Today

Газадағы соғыс аяқталғаннан кейін Нетаньяху Палестина мемлекетін құру келешегін көрмей отыр. Бұл туралы Израиль премьер-министрі 18 қаңтарда баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап.

Оның пікірінше, болашақта Израиль елі кез келген Палестина мемлекетінің аумағын қамтитын Иордан өзенінің батысындағы барлық жерлерді бақылауы қажет.

"Бұл – қажетті шарт және ол (Палестина) егемендігі идеясына қайшы келеді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Мен бұл шындықты американдық достарымызға айтамын. Сонымен қатар, Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін шындықты енгізуге тырысуды тоқтаттым", – деп түсіндірді ол.

Саясаттанушылардың пікірінше, Вашингтонның дипломатиялық күш-жігерін көпшілік алдында жоққа шығару және қазіргі әскери бағытты ұстануға бел буу Израильдің Батыс одақтастары арасындағы алшақтықтың кеңеюін көрсетеді.

Әсіресе, 7 қазандағы шабуылдардан кейін – Израиль тарихындағы ең нашар, ХАМАС содырлары 1300-ге жуық израильдіктерді өлтіріп, 240-қа жуық адамды кепілге алған кезде, АҚШ оның өзін-өзі қорғау құқығын қолдады. Алайда, Газада қаза тапқандар саны артып, ондағы қорқынышты көріністер көбейген сайын, батыс үкіметтері Израильді ұстамдылыққа шақырды.

Айта кету керек, ақ үй бірнеше рет Израильдің әскери саясатына ықпал етуге тырысты. Атап айтқанда, жалпы әуе соққыларынан гөрі дәлірек әдістерді қолдануға шақырды. Ал Вашингтон Газадағы қақтығыстан кейінгі жағдайда Палестина билігінің қатысуымен екі мемлекет құруға кеңес берді. Дегенмен, АҚШ-тың бұл талпыныстарының бәрі босқа кеткен секілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу