Сәрсенбі күні Нетаньяхудың басты қарсыласы Бени Ганц премьердің жаңа үкімет құру туралы ұсынысынан бас тартқан болатын. Ол бірнеше айып тағылған ел премьер министрімен бір коалицияда болмайтынын басып айтты.
Айта кетейік, 2 қазанда Нетаньяхуға жемқорлықпен айналысты деген айып тағылып, осы іс бойынша сотқа дейінгі тыңдаулар белгіленген. Енді жаңа министрлер кабинетін қазіргі үкімет басшысы 42 күнде құруға тиіс.
"Маған сеніп тапсырылған мандатты барынша пайдалануға тырысамын. Құдайдың және Израиль азаматтарының көмегімен келешекте ұлттық бірлік үкіметін құрамыз",– деді ол өз сөзінде.
Қазір Нетаньяхуды парламенттің 55 депутаты, ал Бени Ганцты 54 депутат қолдап отыр. Ал коалицияны қалыптастыру үшін кемінде 61 заң шығарушының дауысы керек.
Егер де елдің қазіргі премьері тиісті дауысқа ие болмаса, онда жаңа үкіметті Ганц 28 күн ішінде жасақтауға тиіс.Ал ол жоспарын іске асыра алмаған жағдайда, кнессет үшінші үміткерді таңдауға құқылы.
Табиғат Нұрболат