Израиль премьеріне үш қылмыстық іс бойынша айып тағылды

1035

Нетаньяху 30 күн ішінде тергеуден құтыла алады. 

Израиль премьеріне үш қылмыстық іс бойынша айып тағылды

Елдің бас прокуратурасы Биньямин Нетаньяху пара берді, алаяқтықпен айналысып, артылған сенімге қиянат жасады деп отыр. 

Нақтырақ айтқанда, үкімет басшысы бірқатар бизнесмендерден бағалы сыйлық алып, бірнеше израильдік ақпарат құралдарымен құпия түрде сөз байласқан болып шығуы мүмкін. 
Бірақ Нетаньяху өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартып отыр. Айтуынша, қарсыластары жалған ақпарат арқылы мемлекеттік төңкеріс жасауды көздеп отыр. Ол осы айыптардан кейін қызметін босатпайтынын жеткізді. 

Айта кететін жайт, Израиль тарихында премьер-министрге қатысты мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. 

Енді Нетаньяхудың қылмыстық тергеуден құтылу үшін 30 күні бар. Осы уақыт ішінде ол парламентті тергеуге қарсы иммунитет беруге көндіруі тиіс. Егер де кнессет өтінішті қабылдамаса, оған қатысты іс қозғалады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу