Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбауға келісті

238

Бұған дейін бітімгершілік мерзімін ұзарту туралы келісімді кері қайтарған ХАМАС-тың ендігі жауабы қандай болатыны әзірге беймәлім.

Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбауға келісті Фото: Ohad Zwigenberg / AP

Израиль Газа секторындағы бітімгершілік уағданың мерзімін уақытша ұзартуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

AFP және dpa агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ Президентінің Таяу Шығыстағы арнайы елшісі Стив Уиткофф бұны ХАМАС-пен атысты тоқтатудың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейінгі аралық шара ретінде ұсынған. Бітімгершілік мерзімі мұлылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында, яғни 29 наурызға дейін және яһудейлер үшін қасиетті саналатын Песах мерекесі кезінде, яғни 12-20 сәуір аралығында күшінде болады.

Бірақ ХАМАС бұл ұсынысқа әлі реакция білдірген жоқ. 

Сарапшылар бітімгершіліктің діни мейрамдарға дөп келген екінші кезеңі Газа секторындағы соғысты біржола тоқтатуға жол ашады деп үміттеніп отыр. Дегенмен, Израиль тарабы ХАМАС жасақтарының қолында қалған тұтқындардың жартысы келісім күшіне енген уақытқа дейін, қалғаны келісім уақыты аяқталғанға дейін босатылуы керек деген ұстанымды ұстанады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу