Израиль Рамазан айында соғысты тоқтатуға келісті

634

Бұл ақпаратты Джо Байден NBC телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді.  

Израиль Рамазан айында соғысты тоқтатуға келісті Фото: Oliver Contreras / POOL

АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Рамазан айында ХАМАС-пен соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Бұдан өзге Израильдің ХАМАС-ты жою үшін алдымен Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан палестиналықтардың эвакуациялануына рұқсат беруге міндеттеме алғанын мәлім етті.

"Рамазан айы жақындап қалды. Бізге кепілге алынғандарды босатуға уақыт беру үшін израильдіктермен Рамазан айында ешқандай әрекетке бармайтыны туралы келісім жасалды", - деді ол.

Байденнің айтуынша, уақытша атысты тоқтату Израильдің көршілерімен қарым-қатынасын реттейді және палестиналықтардың мемлекет құруына мүмкіндік береді. Сол сияқты өзге де араб мемлекеттерімен қарым-қатынасқа да әсер ететінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу