Израиль ресейлік Спутник V вакцинасын мойындады

951

Осы препаратты салдырған туристер 12 қарашадан бастап аталған елге кіре алады. 

Израиль ресейлік Спутник V вакцинасын мойындады

Екі апта бұрын Израиль ДДҰ мойындаған вакциналарды салдырған туристерге шекарасын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz аталған мемлекеттің туризм министрлігіне сілтеме жасап.

"Израиль халқы вакцинаның үшінші бөлігімен сәтті вакцинациялаудан өтіп, аурушаңдық деңгейі төмен болғандықтан, Премьер-министр Нафтали Беннетт және Денсаулық сақтау министрі Нитзан Хоровиц, Туризм министрі Йоэль Развозовпен бірге қосымша шектеулерді алып тастауға және шекараларды ашу жөнінде шешім қабылдады. Спутник V вакцинасын салдырған және серологиялық тесттің оң нәтижесін алған туристер елге еркін кіре алады", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

Осылайша 15 қарашадан бастап Израиль ресейлік Спутник V вакцинасын ресми түрде мойындады. Дегенмен туристер 12 қарашадан бастап аталған елге еш қиындықсыз кіре алады. Бұл ретте туристердің кіру тәртібі анықталып, израильдік және ресейлік жүйелерді синхрондау жүзеге асырылмақ. 

"Шетелдік туристер үшін қолданыстағы кіру тәртібінде анықталған техникалық және құқықтық сипаттағы қиындықтарға байланысты Спутник V вакцинасы егілген туристердің кіруі 12 қарашадан  бастап мүмкін болады. Осы уақытқа дейін жүйелер синхрондалады, заңды тұжырымдар мен міндеттемелер аяқталады, кіру механизмі түсінбеушіліксіз жұмыс істейді", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу