Израиль БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) қызметіне тыйым салу туралы бұрын қабылданған шешімінің орындалғаны туралы БҰҰ-ға ресми түрде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тиісті хабарлама БҰҰ-дағы Израильдің тұрақты өкілі Данни Данонның X платформасында жарияланған жазбасында айтылған. Жазбада Израиль Сыртқы істер министрлігінің хаты қоса берілген.
Хабарламада UNRWA-ға тыйым салатын заң жобасы үш айдан кейін күшіне енетіні және сол уақытқа дейін Израиль "Израильге қауіп төндірмейтіндей Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін халықаралық серіктестермен, соның ішінде БҰҰ ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырады" делінген.