Израиль сәрсенбі күні босатылатын кепілге алынғандардың тізімін алды

300

Сәрсенбі – Газа секторындағы төрт күндік бітімге қол жеткізілген екі күннің екіншісі болмақ. 

Израиль сәрсенбі күні босатылатын кепілге алынғандардың тізімін алды Фото: russian.news.cn

Израиль үкіметі ХАМАС-тың сәрсенбі күні босатуы тиіс кепілге алынған адамдардың тізімін алғанын хабарлады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC News жаңалықтарына сілтеме жасап жазады.

Айта кетейік, бес күн ішінде ХАМАС кепілге алынған 81 адамды босатты. Соның ішінде,  60 израильдік – атысты тоқтату келісімі бойынша және тағы 21-і жеке келісімдер бойынша босатылды. Сондай-ақ, осы соңғылардың 19-ы Таиланд азаматтары.

Израиль өз тарапынан 180 палестиналық әйел мен жасөспірімді түрмеден босату арқылы жауап берді.

Еске сала кетейік, Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім ұзартылған болатын. Келісімге сәйкес, ХАМАС жұмадан бастап күн сайын кепілге алынған израильдіктерді босатады, ал Израиль тарапы палестиналық тұтқындарды түрмелерінен босатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу