Израиль сейсенбі күні босатылатын кепілге алынған адамдардың тізімін алды

302

Барлығы 11 адамды босату жоспарланған болатын. 

Израиль сейсенбі күні босатылатын кепілге алынған адамдардың тізімін алды Фото: Getty Images

Сейсенбі күні, ХАМАС-тың израильдік кепілге алынғандарды босатуына жауап ретінде 50 палестиналық Израиль түрмелерінен босатылады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбі күні түнде ХАМАС содырлары кепілге алынған израильдіктерді Қызыл Крест өкілдеріне тапсырды. Барлығы 11 адамды босату жоспарланған болатын. ХАМАС шенеуніктері Израиль түрмелерінен босатылған палестиналық тұтқындардың тізімінде үш әйел мен кәмелетке толмаған 30 адамның бар екенін айтты. Бостандыққа шыққандар арасында Франция, Германия және Аргентина азаматтары бар.

Өз кезегінде Израиль 33 палестиналық тұтқынды босатты. Бүгін Израиль үкіметі ХАМАС-тың израильдік кепілге алынғандарды босатуына жауап ретінде Израиль түрмелерінен босатылуы мүмкін палестиналықтардың тізіміне тағы 50 есім қосқанын хабарлады. Тізімге қосылғандардың барлығы –әйелдер. Сонымен қатар, сейсенбі күні ХАМАС босатылатын адамдардың тізімін Израильге тапсырды.

Айта кетейік, Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім тағы екі күнге ұзартылды. Келісімге сәйкес, ХАМАС жұмадан бастап күн сайын кепілге алынған израильдіктерді босатады, ал Израиль палестиналық тұтқындарды түрмелерінен шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу