7 қазаннан бері Израиль атқылауынан қаза тапқан журналистер саны 18-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Палестина журналистері одағының жазбаша мәлімдемесінде палестиналық фотожурналист Рушди әл-Саррадждың Израиль шабуылдарынан қаза тапқаны хабарланды.
Мәлімдемеде Серрадждың өлімінен кейін 7 қазаннан бері Израиль шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан журналистер санының 18-ге жеткені атап көрсетілді.
Серрадждың әйелі Шурук әл-Айлех Anadolu агенттігіне күйеуінің Газадағы Тель аль-Хева маңында жасалған әуе соққысынан қаза тапқанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу