Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан кем дегенде 72 палестиналық ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz Dunya Al Watan порталына сілтеме жасап.
"Агрессия құрбандарының саны 72-ге жетті, оның қатарында 17 бала және 6 әйел бар", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Қазір Израиль әскерінің қолбасшылығы Газада жер үсті операциясын жүргізу жағын қарастырып жатыр.
10 мамырдан бері Израиль әскері мен Газа секторындағы палестиналық радикалдар арасындағы қақтығыс басылмай тұр. Бұған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктер себеп болды. Сол кездегі шабуыл салдарынан 700-ден астам палестиналық зардап шеккен болатын.
Израильдің мәліметінше, осы уақыт ішінде ел аумағына 1,5 мыңнан астам зымыран атылып, 6 израильдік қаза тапты.
Табиғат Нұрболат