Олар ХАМАС-ты азаматтық нысандарды әскери мақсатта пайдаланды деп айыптады, алайда қарулы топ оны жоққа шығарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Палестинаның төтенше жағдайлар жөніндегі ресми өкілдерінің хабарлауынша, израильдіктердің босқындар үшін баспана ретінде пайдаланылатын БҰҰ мектебіне жасаған соққысынан кемінде 14 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
Израиль әскерилері Газа қаласының батысындағы Шати босқындар лагеріндегі ғимаратты ХАМАС еврей мемлекетіне шабуылдарды жоспарлап, жүзеге асыру үшін пайдаланғанын айтты.
ЦАХАЛ операция туралы қосымша ешқандай мағлұмат бермеді.