Ақпаратты Израиль банкінің басшысы Амир Ярон растады. Сарапшы бұл соманы 2023 жылдың 7 қазанынан бастап және 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін есептеп шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ярон Газа секторына жасалған шабуылдардың құны қорғаныс шығындарын, бейбіт тұрғындардың қажеттіліктерін, сондай-ақ салықтық түсімдерден болатын шығындарды қамтиды деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Газа анклавына жасалған шабуылдар — Израиль бюджеті үшін ауыр жүк. Сондықтан экономист ел билігін әскери қызметкерлерге бюджеттік "бланш-чек" (ашық чек, жазылған сомасы жоқ чек — EADaily) бермеуге шақырды.
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарының нәтижесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бастап ресми түрде 36 мың 224 палестиналық қаза тапты, оның ішінде 15 мың 328 бала және 10 мың 171 әйел. Тағы 81 мың 777 палестиналықтар әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мыңдаған адам қаза тапты.