Израиль Сирия аумағына шабуыл жасады

1494

Бұрын израильдік әскерилер Сирия тарапынан шабуыл жасалды деп мәлімдеген болатын.

Израиль Сирия аумағына шабуыл жасады

Израиль Латакия портына шабуыл жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Сирия Араб Республикасының БАҚ-ына сілтеме жасап. Қаланың маңында Ресейге тиесілі Хмеймим әуе базасы бар.

Зымыран 28 желтоқсанда атылды. Израиль Жерорта теңізінен шабуылдады. Олар Латакиядағы сауда портындағы контейнерді нысанаға алған. Соққы салдарынан өрт шығып, үлкен материалдық шығын келді. Жергілікті билік оны қалпына келтіру нақты қанша қаражат керек болатынын әзірге айтпады.

Шабуылға тойтарыс беру үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қолданылған. Бұрын израильдік әскерилер Сирия тарапынан шабуыл жасалды деп мәлімдеген болатын.

Латакияға жақын орналасқан ресейлік Хмеймим базасы Сирияда 2015 жылы құрылған еді. Ол Сирия және Түркия шекарасынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу