Сириялық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуыншща, шатха маңындағы Қорғаныс министрлігінің қоймасы, Кунейтра аймағындағы "Ат-Талал аль-Ахмар" қоймасы, Латакиядағы Әуе қорғаныс жүйесінің базасы, Дераа аймағындағы артиллерия базасы мен 175-ші бригаданың штаб пәтері, Дамашық аумағындағы бірнеше нысан соққы астында қалған.
Дамашықтағы президент резиденциясы маңындағы нысан да соққыға ұшырады. Ал Израиль тарапы шабуылды ресми растап, “друздарды қорғау операциясы” деп сипаттады.
Ұлыбританияда орналасқан Сириялық адам құқығын бақылау орталығының мәліметінше, Дамаск маңындағы Ашрафият Сахная қаласында, друз ұйымы тұратын Джарамана қаласының сыртында және Эс-Сувейда қаласында 102 адам көз жұмған. Оның ішінде 70-тен друз, друздар қарсылық көрсеткен қалғандары қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен содырлар бар.
Елдегі зомбылық Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген ер адамның аудиожазбасы тараған соң, дүйсенбі күні кешке Джараман қаласында орын алды. Мұны друз діни қызметкерінің жазбасы деп танығанымен, ер адам өзінің бұған қатысы жоғын айтқан.
Сирияның ішкі істер министрі үкімет жүргізген тергеу барысында ер адам мен клип арасында байланыс жоғын мәлімдеген. Сирия уақытша президенті Ахмед Әл-Шараа елде тұратын діни және этникалық азшылықтарды қорғауға уәде берген. Алайда друздар қысымға ұшыраған алғашқы топ емес.