Израиль Сирияның әскери ұшағын атып түсірді

653

Израиль Сирия тарапын соғысты уақытша тоқтату туралы келісімді сақтауға шақырды.

Израиль Сирияның әскери ұшағын атып түсірді

Израиль әуе күштері Голан жоталарында Сирияның әскери ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге ұшқыштың жағдайы туралы хабар жоқ.

Израиль қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ шекарадан 2 шақырымға асқан. Алайда ресми Дамаск бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Сирия тарапының мәлімдеуінше, ол шекара маңындағы лаңкестік топтарға соққы беріп, көрші мемлекеттің аумағына өтпеген.

Еске сала кетейік, Изариль Голан жоталарын 1967 жылғы 6 күндік соғыс кезінде басып алған болатын. 7 жылдан кейін қос тарап соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келеді. 

"Бұл 1974 жылғы келісімді өрескел бұзу болып табылады. Біз шекара маңында бұндай әрекетке жол бермейміз. Сондықтан Сирия тарапын аталған келісімді сақтауға шақырамыз", - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Ал соңғы мәліметтерге қарағанда Сирия әскерилері Иордания мен Израиль шекарасы маңындағы Эль-Кунейтра мен Дераа аймағына бекінген лаңкестерге әуеден соққы беруде. Қазірге дейін үкімет жасақтары екі елдің шекарасына жақын жатқан бірнеше елді мекенді азат еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу