Израиль Сирияның оңтүстігіне зымыран шабуылын жасады

1088

Жарақат алғандар туралы ақпарат жарияланбады.

Израиль Сирияның оңтүстігіне зымыран шабуылын жасады

Израиль Сирияның оңтүстігіндегі бірнеше жерге зымыран шабуылдарын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz SANA агенттігіне сілтеме жасап.

"Израиль тарапы Дамаск провинциясының оңтүстік бөлігіндегі Закия қаласының маңына бірнеше зымыранмен оқ жаудырды. Нәтижесінде, аймаққа материалдық шығын келді", – деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Шабуыл Израиль басып алған Голан биіктіктерінен жасалды. 

9 ақпанда Израиль әскерінің әрекеті салдарынан Сирияның бір әскериі қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған еді. Ол уақытта Израиль әуе күштерінің төрт жауынгері Дамаск провинциясының Кисва елді мекеніндегі нысандарға соққы берді. Кейінірек Израиль әскері тағы 10 соққы жасаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу