Оның айтуынша, егер ХАМАС тұтқындағы израильдіктерді (212) босатып, өздігімен берілсе, онда соғыс аяқталады, деп жазады Inbusiness.kz.
Подполковник егер Хамас "өздігімен берілмесе", Газадағы жер үсті операцияның жоғары ықтималдығы туралы мәлімдеді.
"Егер ХАМАС бейбіт израильдіктерді тұтқыннан босатып, кепілге алынғандарды - барлығы 212 адамды бізге қайтарып, өздігімен берілсе, онда соғыс аяқталады", - деп сендірді ЦАХАЛ өкілі.
Конрикус бүгінде Израиль билігіне тағылған көптеген айыптаулар Газа секторындағы нақты жағдайды білмей, байыбына бармау салдары деп мәлімдеді.
Атап айтқанда, ол Израиль билігі Газа тұрғындарын сусыз қалдырды деген айыптаулардың жиі айтылатынын айтып, шындап келгенде Газаға ауыз судың тек 10 пайызы Израильден келетінін еске салды. Қалған су қоры Газадағы жерасты резервуарларынан алынады.
"Менің ойымша, біздің азаматтарымызға зымыран атып, оларды өлтіруге тырысқан жауды азық-түлікпен қамтамасыз ету ақымақтық", - деді ЦАХАЛ өкілі.