Израиль террористер үшін өлім жазасын енгізуі мүмкін

426

Израиль үкіметінің заңнама жөніндегі комиссиясы террористтерге арналған өлім жазасы туралы заң жобасын мақұлдады. 

Израиль террористер үшін өлім жазасын енгізуі мүмкін Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Израиль үкіметінің заңнама жөніндегі комиссиясы террористер үшін өлім жазасын қарастыратын заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Twitter-де Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жазды.

Израиль үкіметінің басшысы бұл құжатты Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирмен бірге мақұлдағанын атап өтті.

"Террористерді тежеу және Израильдің қауіпсіздігін қорғау мақсатында біз барлық мәселелер, соның ішінде қауіпсіздік, операциялар мен құқықтық нормалар бойынша шешімдер қабылдауды жалғастырамыз", - Нетаньяху терроризммен одан әрі күресуге бел буғанын атап өтті.

Егер заң жобасы Кнессетте үш оқылымда қабылданып, күшіне енсе, "Израиль азаматтарына қарсы террористік қылмыстар үшін кінәлі деп танылған адамдар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Израильдік БАҚ өлім жазасы туралы заң жобасы тек израильдіктерге қарсы шабуылдар үшін қолданылады және палестиналықтарға қарсы шабуылдар болған жағдайда жұмыс істемейді деп жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу