Израиль үкіметі газалықтарды әлемдегі ең кедей елдердің біріне қоныстандырмақ

1270

Израиль үкіметі бірнеше елмен келіссөз жүргізуде.

Израиль үкіметі газалықтарды әлемдегі ең кедей елдердің біріне қоныстандырмақ Фото: Ap photo

Израиль үкіметі Конго және басқа да елдермен Газа секторынан мыңдаған босқынды "ерікті түрде қоныстандыру" мүмкіндігі туралы құпия келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Конго мигранттарды қабылдауға дайын, бірақ басқа елдермен де келіссөздер жүріп жатыр.

"Израиль билігі аймақтағы соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін анклав тұрғындарын эвакуациялау мүмкіндігін пысықтауда. "Ерікті қоныстандыру" Израиль үкіметінің негізгі саясатының біріне айналып отыр", - делінген мақалада.

Айта кетейік, Конго халқы кедейлік шегінен төмен тұрады. Кейбір министрлер Сауд Арабиясын палестиналықтарды "ерікті түрде қоныстандыру" үшін белсенді түрде насихаттап жатқаны атап өтіледі, мұнда мигранттар құрылыс алаңдарында жұмыс таба алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу