Бұған дейін Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Киевке 12 елден, соның ішінде Израильден энергетикалық жабдықтар жеткізу туралы келісім барын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Миллион долларға жуық сомаға жиырма ірі генератор Еуропа арқылы Украинаға жіберіледі. Израильдің МАШАВ халықаралық даму бағдарламасы да жақын болашақта Украинаға миллион доллар тұратын дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар жібереді", - делінген басылымның хабарламасында.
Сонымен қатар, Киевтегі еврей мемлекетінің елшісі Михаил Бродскийдің айтуынша, Израиль 20 ауыр жараланған украин сарбазын емдеуге қабылдаған.
Шенеуніктің айтуынша, Израиль Киевтегі елшіліктің жұмысын тұрақты негізде қайта бастауды қарастыруда.