Израиль "үнді" штамының таралуына байланысты маска режимін енгізді

786

Үндістанда табылған штамды жұқтырғандарда диарея, есту қабілетінің нашарлауы, асқазанның қабынуы және гангренаға әкеліп соғатын тромбтың пайда болуы сияқты белгілер байқалған.  

Израиль "үнді" штамының таралуына байланысты маска режимін енгізді

Израиль билігі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты жабық кеңістікте міндетті түрде бетперде тағу режимін қайтадан енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Израильдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бір тәулік ішінде 227 адамның инфекцияға шалдыққаны тіркелді.Жергілікті биліктің мұндай режимді жариялауына "үнді" штамының кең етек жаюы себеп болып отыр.

Бұған дейін ел премьер-министрі Нафтали Беннет тұрғындарды шетелдік сапарлардан уақытша бас тартуға үндеген еді.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатанның айтуынша, коронавирустың "дельта" деп аталатын штамы әлемде доминантты болуы мүмкін, өйткені ол SARS-CoV-2 вирусының алғашқы штамымен салыстырғанда екі есе жұқпалы. Бастапқыда "дельта" штамы Үндістанда анықталғанымен, бірақ қазір ол әлемнің 85-тен астам еліне таралып үлгерген.

Үндістанда табылған штамды жұқтырғандарда аурудың мына белгілері байқалған: диарея, есту қабілетінің нашарлауы, асқазанның қабынуы және гангренаға әкеліп соғатын тромбтың пайда болуы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу