Израиль ұшқыштың қателігінен Сүрияда жойғышынан айырылып қалды

953

Израиль ұшқыштың қателігінен Сүрияда жойғышынан айырылып қалды

Израильдың 10 ақпан күні Сүрия көгінде F-16 ВВС жойғышын жоғалтуы ұшқыштың қателігінен орын алып отыр. Израильдағы қорғаныс армиясы осындай қорытынды жасады, бұған әскери ведомствоның дайындаған баяндамасы дәлел.   
"Міндеттерді орындау мен өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арасында таңдау жасағанда экипаж өздерін қорғамай қателік жасаған. Ұшқыштардың әрекеті жерге оқ жаудыру болмаған", – деп көрсетілген сараптамалық жазбада.
10 ақпан күні Израильдың ВВС ұшқыштары Сүрия аумағындағы әскери нысандарға оқ жаудырғаннан кейін сүриялық ӘШҚ жүйесі оларды атып түсірген болатын. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс кеңес одағы және ресейлік С-200 және "Бук" зениттік-зымыран кешені арқылы жасалды. Кейін Израильдың қорғаныс армиясы бір F-16 жойғышының жоғалғанын, бірақ та ұшқыштардың аман қалғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу