Израиль жануарлар терісін сатуға тыйым салды

930

Заң алты айдан кейін күшіне енеді.

Израиль жануарлар терісін сатуға тыйым салды

Израиль бірінші болып жануарлардың терісін сатуға тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Jerusalem Post сайтына сілтеме жасап. Тиісті құжатқа елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гимлиэль қол қойды. Заң алты айдан кейін күшіне енеді.

"Тері индустриясы бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион жануардың өлімі, қатыгездік пен азапқа себеп болып отыр", – дей келе Гимлиэль аң терісін пайдалану адамгершілікке жат екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар қабылданған шешім Израиль сән нарығын экологиялық тұрғыдан таза етеді дегенді айтты. 

Жергілікті белсенділер 2009 жылдан бері теріні қолдануға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдау керектігін алға тартып, шеруге шықты. Олардың ұстанымын Израиль халқының шамамен 86 пайызы қолдаған.

Бұған дейін белсенділер Hermes деп аталатын брендтің аксессуарларды бауырмен жорғалаушылардың терісінен жасауына қарсылығын білдіру үшін көшеге жартылай жалаңаш шыққан еді. Наразылық акциясына қатысқандар жалбыз түсті шомылу киімін киіп, қолтырауын терісінен жасалған Hermes Birkin сөмке бейнеленген тақтайшаларды сермеп ұрандатқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу