Израиль жаттығулар аясында Иранға шабуыл жасамақ

733

Оқу-жаттығуларға ел әскерінің барлық бөлімшелері қатыстырылмақ.  

Израиль жаттығулар аясында Иранға шабуыл жасамақ

Израильдің әскери-әуе күштері алғаш рет ірі әскери оқу-жаттығулары барысында Иранға ауқымды соққы жасамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz  The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

"Иранның 2015 жылғы ядролық мәмілеге оралуына қатысты белгісіздік және АҚШ-пен арадағы келіссөздердің ұзаққа созылуына байланысты Израиль әскері өткен жылы Тегеранның ядролық нысандарына шабуыл жасау үшін дайындықты күшейте бастады", – деп жазылған хабарламада.

Ядролық нысандарға шабуылдау маневрлері 29 мамырда басталып, Жерорта теңізінің үстінде жүргізіледі. Оқу-жаттығуларына Израиль әскерінің барлық бөлімшелері қатыстырылмақ.

Сәуір айында Иран президенті Ибрахим Раиси Израиль тарапынан қауіп төнген жағдайда Иран еврей мемлекетінің "жүрегіне" соққы беретінін мәлімдеген еді. Ол Израиль басшылығының әрбір әрекеті де Иранның қарулы күштері мен барлау қызметін назарынан тыс қалмайтынын айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу