Израильде балаларды жаппай вакциналай басталды

900

6 қарашада Коста-Рика бірінші болып балаларды коронавирусқа қарсы вакцинамен егуге міндеттеді.

Израильде балаларды жаппай вакциналай басталды Фото: reuters.com

23 қарашада Израильде 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 дертіне қарсы жаппай вакциналау науқаны басталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін емханалар мен жергілікті әкімшіліктерге 22 мың өтініш келіп түсті. 440 бала коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Израиль Премьер-министрі Нафтали Беннеттің ұлы да вакцина ектіретіні жарияланды. 

Вакциналауды толықтай жүргізу үшін елге Pfizer препаратының партиясы жеткізілді. 6 қарашада Коста-Рика бірінші болып балаларды коронавирусқа қарсы вакцинамен егуге міндеттеді. Қаулыны "балалар мен жасөспірімдердің мүдделерін қамтамасыз ету принципіне сәйкес" Ұлттық вакцинация және эпидемиология комиссиясы шығарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу