Израильде елден кеткісі келетіндер үшін арнайы рейс іске қосылды

89

Бұл туралы Көлік министрі Мири Регев ресми түрде мәлімдеді.  

Израильде елден кеткісі келетіндер үшін арнайы рейс іске қосылды Фото: timesofisrael.com

Израиль билігі елден шығуға ниетті азаматтар үшін эвакуациялық рейстерді ұйымдастыруды бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап 24 арнайы рейс орындалады. Әр ұшаққа 50 адамнан артық отырғызуға рұқсат жоқ. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, тәулігіне тек 1200 адам елден шыға алады.

"Қазіргі жағдайда азаматтарымыздың елден қауіпсіз кетуіне бар жағдайды жасаймыз. Рейстер санын көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді Мири Регев.

Израильде соңғы уақытта қауіпсіздік ахуалына қатысты алаңдаушылық артқан. Осыған байланысты елден кетуге ниетті азаматтар саны күн сайын өсіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу