Израильде Газадағы ахуалға байланысты ішкі наразылық басталды

569

Оған 300-ге жуық адам қатысты.

Израильде Газадағы ахуалға байланысты ішкі наразылық басталды Фото: ria.ru

Израильдің Хайфа қаласында Газа секторындағы әскери операцияға қарсы митинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұл былтырғы 7 қазанынан бері Израильдің солтүстік округінде алғашқы санкцияланған акция. Оған құрамында әртүрлі саяси күштердің өкілдері бар 300-ге жуық адам қатысқан.

ХАДАШ партиясының бас хатшысы Амджад Шбита наразылыққа шыққандардың негізгі талаптарын таныстырды. Атап айтқанда, оған Газадағы әскери қимылдарды дереу тоқтату, тұтқындармен алмасу, Израильде арабтарды "саяси қудалауды" тоқтату кіреді.

Наразылық акциясы оны ұйымдастырушылардың Израиль Жоғарғы сотына берген өтінішінен кейін болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу