Израильде маска режимі тоқтатылады

878

1 маусымнан бастап бұл елде коронавируспен күрес жүргізуге бағытталған барлық карантин шаралары алынып тасталды.

Израильде маска режимі тоқтатылады

Израиль15 маусымнан бастап мектептерден басқа барлық қоғамдық орындарда маска тағу режимін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz бұл елдің денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Егер індеттің таралуы бәсеңдемесе, билік осындай шешім қабылдамақ. 

Эдельштейннің айтуынша, 15 маусымға дейін тұрғындар жеке қорғаныс құралдары қолдануға тиіс. 

1 маусымнан бастап бұл елде коронавируспен күрес жүргізуге бағытталған барлық карантин шаралары алынып тасталды. Адамдар тек жабық жерлерде бетперде киюге міндеттелді. Ал Израильге кіруге және елден шығуға қатысты шектеулер сақталады, қажет болған жағдайда олар қатаңдатылуы мүмкін.

Бұған дейін Израиль билігі барлар мен қонақ үйлерге тек коронавирусқа қарсы вакцина ектіргендерді кіргізгісі келген еді. Ол үшін жергілікті тұрғынның екпе алғаны жазылған "жасыл рұқсатнама"  жүйесін енгізді. Жоспар бойынша, құжат арнайы мобильді қосымшаға тіркеліп, ал мекемелер оларды сканерлеуі керек еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу