Израильде наразылық акцияларының 71 қатысушысы ұсталды

411

Бұл туралы Израильдің Kan мемлекеттік радиосы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Израильде наразылық акцияларының 71 қатысушысы ұсталды Фото: Anadolu Agency

Израиль полициясы сейсенбіде бүкіл ел бойынша сот реформасына қарсы наразылық акцияларының 71 қатысушысын ұстады, жеті адам Бен-Гурион әуежайындағы митиңгіде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды. 

Радиостанцияның мәліметінше, ұсталған 71 адамның 45-і босатылды. Kan қазіргі уақытта полиция Тель-Авивтің орталығындағы Каплан көшесінің маңында көлік қозғалысын қайта бағыттап жатқанын атап өтті, онда жақын арада сот реформасына қарсы жұртшылықтың кезекті жаппай ереуілі басталады деп күтілуде. 

Кнессет (парламент) 11 шілдеге қараған түні Премьер-Министр Беньямин Нетаньяху үкімет алға тартқан сот жүйесіндегі өзгерістерге қатысты заң жобаларының біріншісін I оқылымда бекіткеннен кейін Израильде наразылық акциялары жаңа күшпен қайта жанданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу