Израильде жантүршігерлік лаңкестік әрекет орын алды

199

9 адам жарақат алып, 20 жастағы бойжеткен мерт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израильде жантүршігерлік лаңкестік әрекет орын алды Фото: Беэр-Шева онлайн

Лаңкестің өзі де өлтірілді. Полиция оның кім екенін анықтады.

Ол Негевтегі көшпелі бәдәуилер лагерінің тұрғыны, сотты болған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс үш жерде орын алыпты. Біреуі тіскебасар сататын жердің жанында, екіншісі дәмханада, үшіншісі – жолаушылар терминалына кіреберістің жанында.

Беэр-Шевадағы орталық автовокзалдағы терактіден зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы төрт адамның жағдайы орташа, екеуі жеңіл жарақат алды.

Полиция лаңкестің сыбайластарын іздеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу