Израильде жұтып қабылдауға болатын вакцина жасалды

838

Капсуладағы вакцинаны үйде де қабылдауға болады деген пікірде мамандар.

Израильде жұтып қабылдауға болатын вакцина жасалды

Израильде жұтып қабылдауға болатын, яғни капсуладағы вакцинаны жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Oramed Pharmaceuticals фармацевтикалық компаниясына сілтеме жасап. Енді ол клиникалық зерттеулерден өтуге тиіс. 

Бұл елдің Денсаулық сақтау министрлігі оны мақұлдағаннан соң, вакцина Сураски медициналық орталығында сынақтан өткізіледі. Тестілеуге басқа вакцинаны ектірмеген 24 ерікті қатысады. Топтың жартысы бір капсуланы қабылдайды, қалғандары препараттың екі дозасын алады. Зерттеулер алты аптаға созылмақ.

Oramed Pharmaceuticals компаниясының бас директоры Надав Кидрон мұндай вакцинаның бірнеше артықшылықтарын атады. Біріншіден, ол коронавирустың әртүрлі штамдарына төзімді келеді. Екіншіден, оның жанама әсерлері аз.

Сонымен қатар вакцинаны басқа елдерге жеткізу оңай, өйткені оны сақтаудың айрықша шарттары жоқ. Кидронның айтуынша, оны тіпті бөлме температурасында да сақтауға болады. Ол болашақта адамдар мұндай вакцинаны үйде қабылдай алады деген ойда.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу