Израильде жүздеген наразылық білдіруші Нетаньяхудың АҚШ-қа кетуіне қарсылық білдірді

168

Бұл туралы Израильдің Haaretz газеті хабарлады.

Израильде жүздеген наразылық білдіруші Нетаньяхудың АҚШ-қа кетуіне қарсылық білдірді Фото: agenzianova.com

Наразылық білдірушілер Бен-Гурион әуежайына жиналып, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды ХАМАС-пен кепілге алынғандарды босату туралы келісім жасалғанға дейін АҚШ-қа ұшпауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүзден аса наразылық білдірушілер Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ-қа кетерден бір күн бұрын Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайында акция өткізді. 

Акцияға қатысушылар премьер-министрді Газа секторындағы радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысы ұстаған израильдік кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімге келгенге дейін Вашингтонға ұшпауға шақырды. Демонстранттардың арасында кепілге алынған израильдіктердің туыстары болған.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Америка Құрама Штаттарының астанасына келуі керек деп хабарланған болатын. Сол күні Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Конгресс алдында сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу