Израильден ынсап кетсе, Палестина жағаға жармасар

1563

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс сөз болды.  

Израильден ынсап кетсе, Палестина жағаға жармасар

Біріккен Ұлттар Ұйымының Израиль мемлекетін құру туралы шешімі шыққанына 73 жыл өтті. Міне, содан бері арабтар мен еврейлердің арасындағы қырғиқабақтық бір сәт те тоқтаған емес. Өйткені Израиль мемлекеті құрылар-құрылмастан-ақ, шекара белгіленбей жатып  еврейлер палестиналықтардың атақоныстарын  баса көктеп иемденуге әрекет етті. Сол кезде жаңадан құрылып жатқан Израиль мемлекеті террорлық әрекетті де, соғысты да бірінші болып өзі бастады.

Соған қарамай Израиль осы күнге дейін Батыс елдері мен АҚШ-тан қолдау көріп келеді. Ал Бірікен Ұлттар Ұйымы басқыншы Израильді өзінің құрамына мүше етіп қабылдады. Дегенмен Палестина мен Израиль арасындағы жанжалдар мен қақтығыстар аракідік сұрапыл соғысқа ұласып келеді. Рамазан айының соңын ала кезекті соғыс тағы басталды. Адам шығындары болып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу