Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

559

Қазақстанның елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің солтүстігіндегі ірі ауыл шаруашылығы коммуналарының бірі – Магаль кибуцында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті Фото: egemen.kz

Сапар аясында "Netafim" компаниясының өңірлік директоры Зохар Зив, Кибуц индустриясы қауымдастығының халықаралық сауда жөніндегі директоры Михал Зоран, сондай-ақ "Mapalagro", "AgroScout" және "Tal-Ya" агротехникалық компанияларының өкілдері С.Бұршақовты жоғары технологиялық жылыжайлармен және фермалармен жұмыста қолданылатын озық ирригациялық шешімдермен таныстырды.

Дипломат еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін атап өтіп, израильдік аграршыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ инвесторларды үкімет пен өңірлер тарапынан кешенді қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған реформалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, тамшылатып және микро суару нарығында әлемдік көшбасшы саналатын "Netafim" компаниясының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға, жылыжайлар мен су шаруашылығы құрылысы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу