Израильдік инвестор Қазақстанда зауыт салуға көмектеспекші

825

Зауыт құрылысы биыл басталады деп жоспарланып отыр. 

Израильдік инвестор Қазақстанда зауыт салуға көмектеспекші

Қарағанды облысында израильдік технология бойынша жем-шөп өндіру жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында "Сарыарқа" АЭА-да жаңа зауыт салу жоспарлануда. Израильдік инвесторлардың қатысуымен Virgin Soil Kz компаниясы балық, құс және мал азығын өндіру жобасын жүзеге асырады.

Бес қабатты ғимаратта жасыл түйіршікті жем өндіретін көп деңгейлі кешендер – гидропоникасы бар тік жүйектер орналасады деп болжанады.

Андрей Найманның айтуынша, технология бірегей, Қазақстанда өндірістің баламасы жоқ. Компания Әзірбайжанда осындай зауыт салуда.

Жоба бастамашыларының мәліметтері бойынша, инвестициялар 27 млрд теңгені құрайды, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Қуаттылығы күніне 1 000 тоннаға дейін жем өндіруге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Бұл жобаға АЭА мамандануына өзгерістер енгізілді. Жақын арада Virgin Soil Kz компаниясы аймақ қатысушыларының тізімін толықтырады. Зауыт құрылысына арналған жер телімі анықталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу