Израильдіктер Нетаньяхудың әрекетіне наразылық білдіріп, көшелерге шықты

166

Газа секторында ХАМАС ұйымдарының кепіліне алынған израильдіктерді тезірек құтқаруды талап етті.

Израильдіктер Нетаньяхудың әрекетіне наразылық білдіріп, көшелерге шықты Фото: Reuters

6 қараша, сәрсенбіге қараған түні Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант отставкаға кетуіне байланысты мыңдаған адам Иерусалим мен Тель-Авив көшелеріне шығып, елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әрекетіне наразылық білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

The Times of Israel интернет-басылымының хабарлауынша, Тель-Авивтегі Аялон тас жолының оңтүстік жағындағы шерушілерді тарату үшін полиция жағымсыз иісі бар күшті су ағындарын пайдалануға мәжбүр болған.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Яир Лапид Израиль азаматтарын көшеге шығуға шақырды. Соғыстың қызған шағында Галанттың отставкаға кетуін ол "ақылға сыймайтын әрекет" деп атады.

Осы арада Йоав Галанттың өзі Израиль үкіметін Газа секторында Хамас лаңкестік ұйымының қолында қалған кепілге алынғандарды еліне тірі қайтаруға шақырды. 

"Хамас ұрлап кеткен ұл-қыздарымызды оның тірі кезінде қайтару біздің моральдық әрі этикалық борышымыз. Галант "кепілге алынғандарды қайтаруға болады, бірақ бұл ауыр ымыраға келуді қажет етеді. Израиль мемлекеті бұл ымыраға қалай төтеп бере алатынын, ал Израиль армиясы мұны қалай қамтамасыз ете алатынын біледі",  – деп бағалады. 

Өз кезегінде, Израиль президенті Исаак Герцог Беньямин Нетаньяхудың елдің қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен босату туралы шешімі аясында соғыс кезінде болуы мүмкін саяси толқулар туралы ескертті. 

"Израильге қазір қажет ең соңғы нәрсе - соғыс жүріп жатқан кезде төңкеріс", – деді ол 5 қараша күні кешке.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Галлант екеуі арасындағы сенімнің жоғалуына байланысты 5 қарашада елдің қорғаныс министрі Йоав Галланттың отставкаға кететінін жариялады.

Йоав Галант 2022 жылдың желтоқсанынан бері Израильдің қорғаныс министрі қызметін атқарды. Оның орнына Израиль Сыртқы істер министрлігін басқарған Исраэль Катц келді. Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып министр Гидеон Саар тағайындалды.

Бұған дейін, 2023 жылы Нетаньяху үкіметтің сот реформасын қатаң сынаған Галантты жұмыстан шығарған. Ол кезде де Израильде жаппай наразылықтар басталып, екі аптадан кейін Галант қайта қызметке алынған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу