Израильдің АҚШ-тағы елшілігі жанында митинг болды

734

Наразылық білдірушілер Израильдің Палестинаға қатысты саясатын әділетсіз деп санайтынын және биліктің әрекеттерін айыптайтынын білдірді. 

Израильдің АҚШ-тағы елшілігі жанында митинг болды

18 мамырда жүздеген адам Вашингтондағы Израиль елшілігі жанына жиналып,  Палестина топтарына қарсы операцияны тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Наразылық білдірушілер Израильдің Палестинаға қатысты саясатын әділетсіз деп санайтынын және биліктің әрекеттерін айыптайтынын білдірді. Митингке шыққандар "Палестинаға бостандық беріңдер" деп ұрандатты. Бірқатар адам Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен еврей мемлекетінің басқа да саяси қайраткерлерінің әрекеттерін сынға алды.

The Washington Post газетінің хабарлауынша,АҚШ Израильге 735 миллион долларға қару сату туралы құжатты мақұлдаған. Наразы топ Вашингтон әкімшілігінің бұл шешіміне де қарсы шықты. Ескере кететін жайт, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина-Израиль қақтығысы туралы жалпы мәлімдемесін қабылдауға АҚШ кедергі келтіріп жатыр. 

Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіс 10 мамырда басталды. Сол уақыттан бері қос тарап бір-біріне шабуыл жасауда. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елдің 10 бейбіт тұрғыны мен бір әскери қызметкері қаза тапты. 

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдардан осы күнге дейін 220 палестиналық ажал құшқан.

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу