Израильдің әрбір азаматы үшін 30 палестиналық тұтқын босатылады

Бұл – қос тарап арасындағы атысты тоқтатудың бірінші кезеңіндегі шешім.

Израильдің әрбір азаматы үшін 30 палестиналық тұтқын босатылады Фото: Al Arabiya

BILD ХАМАС-тың кепілге алған алғашқы үш адамды Нетзарим дәлізі аймағында израильдік әскерилерге тапсырғанын жазған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Al Arabiya телеарнасы Израиль армиясының тікұшақтары кепілге алынған Роми Гонен, Эмили Дамари және Дорон Штайнбрехерді тасымалдауға сақадай-сай тұр. Олар бостандыққа шыққан тұтқындарға медициналық көмек көрсетіп, отбасыларымен көптен күткен кездесуін өткізеді.

Ал Израильдің әділет министрі Ярив Левин бұған дейін бостандыққа шыққан әрбір Израиль азаматы үшін ел билігі 30 палестиналық тұтқынды, ал әрбір әйел әскери қызметкерге 50 палестиналықты босатады деп мәлімдеген еді. 

Израильдік БАҚ-тың жазуынша, бұл Израиль мен бұрын Газадағы Қызыл Крест өкілдеріне үш израиль азаматын кепілге берген ХАМАС тобы арасындағы атысты тоқтатуға бағытталған. Бұл – осы келісімнің бірінші кезеңінде қабылданған шешім.

Бірінші кезеңде Израиль кепілге алынған 33 израильдіктің орнына жүздеген палестиналық тұтқынды босатады деп жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу