Израильдің Газа секторындағы мектепке жасаған соққысынан 30-ға жуық адам қаза тапты

322

Соққы Джабалияның палестиналық босқындар лагеріндегі БҰҰ басқаратын мектепке тиді.  

Израильдің Газа секторындағы мектепке жасаған соққысынан 30-ға жуық адам қаза тапты Фото: Anadolu Agency

Израильдің Газа секторының солтүстігіндегі палестиналық босқындарға жәрдем көрсету жөніндегі БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігінің (БАПОР) мектебіне жасаған соққысынан кемінде 27 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты Alarabiya News агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті дәрігерден алынған ақпаратқа сілтеме жасаған араб агенттінің хабарлауынша, соққы Джабалияның палестиналық босқындар лагеріндегі БҰҰ басқаратын мектепке түскен. Онда мыңдаған қоныс аударған палестиналықтар Израильді атқылау мен бомбалаудан паналаған.

Жұма күні Израиль қорғаныс күштері мен ХАМАС Катар, АҚШ және Мысыр делдалдығымен қол жеткізілген келісім аясында соғыс қимылдарын тоқтатады деп күтілуде.

Бастапқыда атысты тоқтату режимі бейсенбіде күшіне енуі керек еді, бірақ бұл бір күннен кейін болады.

Келісімдерге сәйкес, екі тарап жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де) соғыс қимылдарын тоқтатуы қажет. Сондай-ақ, атысты тоқтату төрт күнге созылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу